Мақалалар Банктің заңсыз алынған комиссиялары

Банктің заңсыз алынған комиссиялары

         Ақша кез келген тауарлар мен қызметтердің құнын тікелей айырбастауға қабілетті болып табылатын жалпыға бірдей эквивалент болып табылады.

         Қазіргі уақытта несиесі жоқ адам табу қиын. Адамдар автокөлік сатып алу, жақындарына сыйлық беру, үй салу, салтанатты іс-шаралар өткізу, жерлеу сияқты түрлі мақсаттарға несие алады. Бұл ретте, азаматтардың көбі жиі өмірлік қиын жағдайларда бола тұра, несиелік шарттарға қол қоюға мәжбүр болып, “қарызға қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия”, “ағымдағы шотты жүргізгені үшін комиссия” банк комиссиясының түрлеріне мән бермейді. Шарт екі тараптың да уағдаластықтарының нәтижесі болып табылады, бірақ іс жүзінде Шарттың талаптарын банк айқындайды. Қарыз алушыға дайын, стандартталған шарт нысаны беріледі. Және осымен қарыз алушы шарттық қатынастарға түсе отырып, қарыз ақшасын пайдаланғаны үшін Қарыз берушіге қарыз сомасынан белгіленген пайыздық ставкамен банктік қарыз шартында айқындалатын сыйақы төлеуге, қарыз қаражатын белгілі бір мерзімде қайтаруға міндеттенеді.

         Сонымен қатар, бүгінгі таңда еліміздің көптеген облыстарында соттар бұл комиссияны есепке алуды заңсыз деп таниды, өйткені бұл азаматтық заңнама нормаларына қайшы келеді.

         Заем шартына қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шотты жүргізу қызметі үшін комиссияларды банк нақты банктік қызмет көрсету шартымен ғана алуы мүмкін, банктің тарапынан қарыз беруге қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шотты жүргізу қарыз алушыға қандай да бір жеке игіліктер жасамайтындықтан, дербес қызмет бола алмайды. Банктік қызмет қарыз алушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс, бұл өтелмелі қызмет көрсетудің жалпы ережелерін қамтитын Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 683-бабының ережелеріне сәйкес келеді.

         Осылайша, шотты ашу және шотты жүргізу банктің міндеті болып табылады. Бұл шот қарыз алушының банк алдындағы берешегін көрсетуге арналған.

         Қазіргі уақытта соттар азаматтық істердің осы категориясындағы даулармен көптеген істерді жүргізуде және болашақта қарыз алушылардан талап арыздар тек қана ұлғаятын болады. Өйткені банктен несие алу тұрмыста да, басқа да өмір салаларында халықтың қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарызға алудың бір түрі.

         Банк комиссияларын өндіріп алу соңғы жылы неғұрлым көп талап етілетін қызмет болып табылады, өйткені банк заңсыз комиссиясымен төлеген несиелер саны соңғы 3 жылда алдыңғы займдардан асып түсті. «Заң қызметтерін көрсету орталығы «LEGAL PRO»» заңгерлері сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен заңсыз банк комиссияларын өндіріп алу қызметін көрсетеді.