Компания туралы
«Заң қызметтерін көрсету орталығы «LEGAL PRO»» ЖШС – 2011 жылдан бастап адамдар мен компанияларға құқықтық сұрақтары мен мәселелерін шешуге көмектесетін заңгерлер тобы.
Біз көптеген бағыттар бойынша заңдық көмегін көрсетеміз: сотта және мемлекеттік органдарда мүдделерді білдіру, корпоративтік құқық, компанияларды тіркеу, қайта тіркеу және тарату, бизнесті сатуды, жұмыс істеп тұрған компаниялардың кешенді құқықтық сараптамасы, Кәсіпкерлік құқық, Шарттық құқық, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер мен іс-әрекеттерді сүйемелдеу, борыштарды өндіріп алу, банктік және кепіл құқығы, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында өзара қарым-қатынаста, серіктестікке қатысушылардың өзара қарым-қатынасында клиенттің мүдделерін білдіру.
Біздің көмек шағын, орта және ірі бизнеске бағытталған.
Осылайша, «LEGAL PRO» сізге және сіздің компанияңызға заңгерлік көмек көрсету үшін жеткілікті тәжірибе мен білімге ие.
Біздің көмек келесідей мәселелері туындайтын компанияларға бағытталған:
- штатта өздерінің заңгері жоқ, бірақ заң мәселелерімен жиі кездесетін;
- штатта заңгері бар, бірақ штаттағы заңгердің мүмкіндіктері, тәжірибесі немесе мамандануы барлық туындаған мәселелерді шешу үшін жетпеген жағдайда;
- ағымдағы құжаттамалары Заңның талаптарына сәйкес жасалуын қалайтын компаниялар;
- заңгермен өзара іс-қимыл жедел, әрі тиімді болғанын қалайтын компаниялар.
Арнайы сіздің компанияңыз үшін біз “Кешенді заңгерлік қызмет көрсету” қызметін ұсынамыз:
Стандартты пакет:
- Шарттарды, талаптарды, хаттарды, өтініштерді, талап-арыздарды, шағымдарды және өзге де іскерлік және заң құжаттамасын дайындау және (немесе) сараптау.
- Клиенттен түскен мәселелер бойынша жазбаша заңды қорытындылар жасау.
- Телефон арқылы ауызша кеңес беру.
Мұндай қызмет көрсету нысанында Сіз келесідей заң қызметін аласыз:
- заңгерлердің телефон арқылы консультациясы;
- электрондық пошта арқылы немесе жеке жіберілетін жазбаша заңдық қорытындылар;
- заңды құжаттардың жобаларын электрондық пошта арқылы жіберу;
- қажетті әрекеттерді орындау бойынша сіздің компанияңыздың қызметкерлеріңізге арналған жазбаша нұсқаулар;
- штаттық заңгермен міндеттерді бөлу, егер ол сізде бар болса (мысалы, біз жағдайды талдау, ақпарат жинау, стратегия жасау және құжаттарды дайындаймыз, ал сіздің заңгер сотта немесе мемлекеттік органдарда қабылданған шешімдерді жүзеге асырады);
- шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, есеп айырысудың қолма-қол емес нысаны;
- ай шегінде консультациялардың шектелмеген саны;
- жеке табыс және әлеуметтік салықтар, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы, еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы, демалыс және демалыс беру үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ;
- заңгер үшін жұмыс орнын жабдықтау, оған заңнамаға қол жеткізу үшін ақы төлеу, арнайы әдебиет алудың қажеттілігі жоқ;
- штатта жоғары ақы төленетін заңгерді ұстаудың қажеті жоқ, өйткені тіпті кәсіби қолдауына ие, көптеген мәселелерді жеңе алады.
Кеңейтілген пакеттер.
Сондай-ақ, біз Сізге жоғарыда көрсетілген стандартты рәсімдерден басқа соттарда, сондай-ақ мемлекеттік органдарда (сот процестері, құжаттарды беру және алу, істерді жүргізу, келіссөздерге қатысу және осымен байланысты барлық) көлемі бойынша шектелмеген мүдделерді білдіруді қамтитын кешенді заңдық қызмет көрсетудің кеңейтілген пакеттерін ұсынамыз.
Біздің ұсынысымыз басқалардан несімен ерекшеленеді?
- біздің 2011 жылдан бастап жұмыс тәжірибеміз бар;
- біздің барлық заңгерлеріміз күн сайын кеңес береді, құжаттар жасайды, соттарға қатысады, мақалалар жазады;
- сіздің әрбір тапсырмаңыз бойынша кем дегенде 2 заңгер жұмыс істейді;
- бізде өзіндік жұмыс және сапаны бақылау әдістемесі бар;
- біз жұмыс барысы туралы сізді үнемі хабардар етеміз;
- біз үнемі өз біліктілігімізді арттырып отырамыз.
Байланыс
Алматы қаласы, Гоголя көшесі, 86 үй, «КАЗЖОЛ» Бизнес Орталығы, 305 офис
Байланыс телефондары
+7 700 270 9009, +7 701 603 1443