Бағыттар Мұрагерлік құқық

Мұрагерлік құқық

Мұрагерлік құқық – ол мұрагердің мүлкін мұраға алу мәселелерін реттейтін құқықтық институт. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен азамат қайтыс болғаннан кейін мұраны ресімдеу жөніндегі мәселелер реттеледі.

Мұрагерлердің тізімі заң бойынша нақты қарастырылған, бұл ретте мұрагерлердің бірнеше кезегі бар. Бірінші кезектегі мұрагерлер балалар, ата – аналар және жұбайы болып табылады, өсиеттің негізінде кез келген тұлға – компания немесе мемлекет мұрагер ретінде бола алады.

Мұраны рәсімдеу және алу үшін нотариустан өтініш беру арқылы мұраны қабылдау қажет. Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін мұрагерлік бойынша өткен мүлікке еркін иелік ете аласыз.

Алайда, мұраны ресімдеу процесі кейде қиын болады. Мұрагерлер арасында мүлікті бөлуге қатысты даулар жиі туындайды. Мұндай даулар өзінің күрделілігімен және шатасуымен ерекшеленеді. Барлық мұрагерлік процесті заңнамалық тұрғыдан мұқият реттеуге қарамастан, мұрагерлік дауларды шешу белгілі бір проблемалармен байланысты және жылдар бойы созылуы мүмкін.

Заң білімі жоқ қарапайым азаматқа заңнамалық реттеуді түсіну қиын және тиісінше өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыру қиын. Сондықтан осындай жағдайларда тәжірибелі заңгерлерге кәсіби көмек қажет.

Заң қызметтерін көрсету орталығы “LEGAL PRO”:

– Заңнамаға және сот практикасы сәйкес сіздің сұрағыңыз бойынша құқықтық кеңес береміз;

– Тараптар сот талқылауынсыз келісімге келген кезде дауды реттеу жөніндегі қызметтер. Мұндай жағдайларда шарт жасалады, онда тараптардың келісімі бекітіледі;

– Сотқа қатысу және сіздің құқықтарыңызды қорғау;

– Егер дау бейбіт жолмен тоқтатылмаса, компания заңгерлері Сіздің құқықтарыңызды сот тәртібімен қорғауды жүзеге асырады;

– Жеке сот орындаушысына бақылау жасай отырып, сот шешімін орындау бойынша қызметтер.